Новости на Newstaraz.

FT: Еуропадан Ресей арқылы өткен 1 млрд доллардың тауары «жоғалып» кеткен

newstaraz.kz

2022 жылы Еуропалық одаққа (ЕО) мүше елдерден Қырғызстанға, Қазақстанға және Арменияға жөнелтілген 1 млрд доллардан астам сомаға бағаланған тауарлар Ресей арқылы өткенде «жоғалып кеткен». Бұл туралы Financial Times (FT) басылымы жазды.

Ашық мәліметке сәйкес, Ресей Украинаға басып кіргеннен бері ЕО елдерінен транзит деп Ресейге 2 млрд доллардың тауары кірген. Сонымен бірге басылым Еуроодақтан Ресейге мұндай жолмен жөнелтілген экспорттың көлеңкелі көлемі әлдеқайда жоғары екенін белгілеген.

«Мысалы, Ресейге экспорттауға тыйым салынған ұшақтың тетіктері, оптикалық жабдықтар және газ турбиналары секілді тауарлар Ресей аймағынан транзит ретінде көрсетіліп, шын мәнінде ЕО-дан Ресейге жеткізіліп тұрған», — деп жазды Financial Times.

Сонымен бірге Еуроодақтан Ресейге көршілес жайғасқан бірқатар елдерге тауарлар өте көп көлемде импорттала бастаған. Бұл тауарлар кейін Ресейге жеткізілуі мүмкін деп болжанады.

Осыған дейін Еуроодақ санкциялық тауарларды Ресейге көлеңкелі жолмен алып кіруге қарсы күресетінін бірнеше рет мәлімдеген.

ЕО санкцияның 11-пакетін жариялап, оған Қазақстан, Түркия, Қытай және Өзбекстан да кіруі мүмкін жайлы мәліметтер айтылып жатыр. Санкциялардың кезекті пакеті жақын күндері қабылданбақ. Оған Ресейдің тағы 72 азаматы мен 31 компаниясы кіреді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »