Новости на Newstaraz.

Германия Украинаға 178 «Леопард 1» танкісін беруді мақұлдады

newstaraz.kz

Германия үкіметі Украинаға 178 «Леопард 1» танкісін беруді мақұлдады. Бұл туралы Германия қорғаныс министрлігі мен экономика министрлігінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

ARD телеарнасының Tagessschau ақпарат порталының хабарлауынша, алғашқы жиырма танк жазға қарай Украинада болады. Берлин Киевке 2024 жылдың бірінші немесе екінші тоқсанында жүзден аса танк беруді көздеп отыр.

Нақты қанша танк берілетіні әскери техниканың жағдайы мен «қажетті жөндеу жұмыстарына» байланысты болады. Қазір танкілер қорғаныс кәсіпорындарында немесе ірі қоймаларда тұр.

Spiege басылымының мәліметінше, Германия канцлерінің әкімшілігі «Леопард 1» танкілерін беру туралы келісімді ұзақ дайындаған. Süddeutsche Zeitung газетінің хабарлауынша, неміс қорғаныс кәсіпорыны бірнеше жыл бойы қоймада тұрған 90 әскери машинаны жөндейді.

Тағы 88 «Леопард 1» Италиядан келеді. Rheinmetall қорғаныс концерні бірнеше ай бұрын сонда сақталған ескі машиналарды сатып алуға мүмкіндік алған. Германия ескі танкілерді жөндеу жұмысын қаржыландырады.

Бұл уақытта Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Киевте жүр. Ол «Леопард 1» танкілері жеткізілетінін растап, Украина әскери техниканың мұндай түрін Еуропаның бірнеше елінен алатынын мәлімдеді.

Бундесвер «Леопард 1» танкілерін пайдалануды 2003 жылы тоқтатып, оның орнына жаңа «Леопард 2» әскери машинасын қолдана бастаған.

Екі апта бұрын канцлер Олаф Шольц Германия Украинаға бундесвер қорынан 14 «Леопард 2» танкісін беруге әзір деп мәлімдеген. Әскери машиналар Украинаға наурыздың аяғында жетеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »