Новости на Newstaraz.

Гей-клубта өнер көрсететін сегіз жасар бала әлем назарына ілікті (фото)

newstaraz.kz

Канаданың Монреал қаласында тұратын 8 жасар ұл бала боянып, қыздарша киініп алып, гей-клубта өнер көрсетеді. Оның суреттері желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды Woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерекше өнерпаз өзін «drag queen» (өзге жынысты адамның киімін киген әртістерге қолданылатын термин) деп атайды.

«Әр адам өз өмірінің қожайыны. Сондықтан, басқалардың не ойлайтыны қызықтырмауы керек», — дейді Немис Куинн.

8 жасар канадалыққа зұлымға ұқсап киіну, түрлі түсті жасанды шаш тағып, боянып жүру және макияж жасау қатты ұнайды екен.

Әйелдер киіміне ол 3 жасынан бастап қызыға бастапты.

«Егер сен drag queen болғың келсе, бірақ ата-анаң қарсы болса… Онда саған басқа ата-ана керек. Егер сен drag queen болғың келіп, оған достарың қарсы болса… Онда саған басқа достар керек», — дегенді алға тартады жігіт.

Балаларының ерсі қылықтарына қарамастан, оның қызығушылықтарын ата-анасы толық қолдайды. Тіпті, ұлының әдемі макияжын анасы өз қолымен салып береді екен.

Немистің әрекетін ата-анасының жылы қабылдауы желі қолданушыларын одан сайын ашуландырды. Олар отбасылық жұпты дұрыс тәрбие бермеді деп сөкті.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »