Новости на Newstaraz.

Голландықтар армияда майып болған тәжік сарбазына ақша жинап берді (видео)

newstaraz.kz

Голландиялық VPRO телекомпаниясы түсірген армияда майып болған тәжік сарбазы жайындағы фильм нидерландықтарды бейжай қалдырмады.

Бір жағынан бұл фильм Орталық Азия халқының жағдайына арналған. Онда армиядан мүгедек болып келген Бободжон Рахимовтың өмірі жайлы айтылады. Фильм тұсаукесерінен кейін 2,4 мың еуро жиналды.

23 жастағы Восей ауданының тұрғыны, үйнің жалғыз ұлы Бободжон Рахимов 2017 жылы әскерде қызмет етіп жүрген кезінде омыртқа, ми жұлынына ақым келген.

«Әскерде қызмет ете бастағаныма бір ай да болмады, бұрыннан қызмет етіп келе жатқан сарбаздың бірі арқамнан келіп, жүрек тұсымнан жұдырығымен ұрды. Мен ауруханада төрт күн жаттым, денемді сезбедім. Арқам қап-қара болып кетті. Төрт ай ауруханада жаттым. Дәрігерлер ештеңе істей алмады», — деді Бободжон Рахимов.

Бободжон анасынан ерте айырылған. Әкесі бөлек тұрған. Ол әжесінің қолында өскен. Қайғылы оқиғадан кейін оған «Азаматтық еркіндік кеңсесінің» құқық қорғаушылары көмектескен. Әлі күнге дейін Бободжонға осы кеңсе көмектеседі.

Былтыр күзде Бободжонның өмірі жайлы голландиялық журналистер естиді. Олар арнайы Тәжікстанға келіп, Бободжонмен танысып, фильм түсіреді.

Бободжон Рахимов бастапқыда мемлекет тарапынан ешқандай көмекке жүгінбегенін, қазір өкінетінін айтады. Енді ол ең бастысы денсаулығын түзеп, жұмыс тауып, әжесін және өзін қамтамасыз етуді ойлайды.

Тәжікстан үкіметінің Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетіне жіберген баяндамасында 2019-2021 жылдары армияда жүзден астам сарбаздың қаза тапқаны айтылған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »