Новости на Newstaraz.

Грузия парламентінде депутаттар мен журналистер төбелесіп қалды

newstaraz.kz

Грузия парламенті 12 шілдеде жиналыс өткізіп жатқан тұста оппозициялық журналистер және азаматтық белсенділердің лидерлері кіріп келіп, олар мен «Грузия арманы» партиясы депутаттарының арасында төбелес шыққан деп хабарлайды «Эхо Кавказ».

«Новости-Грузия» басылымы жазғандай, одан бұрын өткен ірі акцияда журналистер үкімет отставкасын талап еткен. Олар парламент күзетіне мойын бермей, ғимаратқа басып кірген.

Ғимаратқа кіре берісте бірнеше төбелес болып, «Пирвели» телеканалының негізін қалаушы Вато Церетели зардап шеккен, оппозициялық депутат Гиоргий Вашадзенің костюмі жыртылған.

Гей-парад өту жоспарланған 5 шілдеде радикалды топтар журналистерге шабуыл жасады. Осыдан кейін марш өтпей қалды. Кемінде 50 БАҚ өкілі зардап шекті.

«Пирвели» телеканалында істеген Лашкарав сол шабуылдан зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Оған ота жасалынып, үш күннен кейін, үйіне шығарылған. Бірақ жексенбі күні пәтерінде өлі күйінде табылды.

Ел премьер-министрі Ираклий Гарибашвили бұл оқиғаны «адам сенгісіз трагедия» деп атады.

Журналистердің айтуынша, 5 шілдеде өтуі тиіс марш алдында ел президенті ЛГБТ маршына қарсы мәлімдеме жасаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »