Новости на Newstaraz.

Грузияда төрт телеканал премьер отставкасын талап етіп, эфирді тоқтатты

newstaraz.kz

Грузияда төрт оппозициялық телеканал телеоператор Лексо Лашкараваның өлімінен кейін үкімет отставкасын талап етіп, эфирлерін тоқтатты.

Сәрсенбі күні Грузияның «ТВ-Пирвели», «Мтавари архи», «Формула» және «Кавкасия» телеканалдары 5 шілдеде зардап шеккен 52 БАҚ қызметкерінің тізімін ғана эфирге берді. Сол күні ЛГБТ маршына қарсы топ Тбилисидің орталық алаңында бүлік ұйымдастырған. Нәтижесінде марш өтпей қалды.

Сол шабуыл кезде «ТВ-Пирвели» телеоператоры Лексо Лашкарава қатты соққы алған. Алты күн өткеннен кейін ол пәтерінде қаза тапты. Сейсенбі күні оны жерлеген.

Содан бері оппозициялық телеканалдардың қызметкерлері Грузия премьер-министрі Ираклия Гарибашвилидің отставкасын талап етіп жатыр.

Себебі гей-парад өтер алдында Гарибашвили маршты ұйымдастырушыларды сынға алған.

Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, журналистерге шабуыл жасаған бес адам ұсталған.

Премьер Гарибашвили 37 жастағы телеоператордың өлімін трагедия деп атап, кінәлілердің жазаланатынын айтты.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »