Новости на Newstaraz.

Гутерриш G7 саммитінде: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалайтын мезгіл жетті

newstaraz.kz

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Хиросимада өтіп жатқан «Үлкен жетілік» елдері саммитінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бреттон-Вуд жүйесін реформалау қажеттігін айтты, себебі олар қазіргі заманның талаптарына сәйкес болудан қалған.

Гутерриштің айтуынша, аталған институттар 1945 жылы құрылған кездегі әлем құрылымына сәйкес ұйымдастырылған. Содан бері олар ескіріп, тиімсіз жұмыс істей бастаған.

«Ғаламдық қаржы архитектурасы ескірді, міндетін орындаудан қалды және әділетсіз. Коронавирус пандемиясынан кейінгі экономика дағдарысы мен Ресейдің Украинаға басқыншылығына тап болған ұйымдар өзінің негізгі міндетін орындай алмады» деді БҰҰ бас хатшысы.

Гутерриш бұған дейін де өзі басқаратын ұйымның құрылымын сынаған.

«Қауіпсіздік кеңесі соғыстың алдын алу үшін және аяқтау үшін қолынан келген бар нәрсені жасады деп айта алмаймын. Бұған қатты көңіліміз толмайды, тіпті ашу шақырады» деген еді ол 2022 жылы Киевке сапарында.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 1945 жылы құрылған. БҰҰ Жарғысына сәйкес, ондағы шешімдердің барлығы оған мүше елдердің келісімімен қабылданады. Оның тұрақты бес мүшесі бар: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Қытай. Бұған қоса, 10 тұрақты емес мүшесі бар.

Кейінгі кезде Ресей вето қою мүмкіндігін пайдаланып, халықаралық қауымдастықтың өзіне тиімсіз ұсыныстарын кері қайтарып келеді.

2022 жылы желтоқсанда Украина Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері қатарынан алып тастауға және оны БҰҰ құрамынан шығаруға үндеген. Алайда БҰҰ Жарғысы бойынша оны Ресейдің келісімінсіз жасау мүмкін емес.

Бреттон-Вуд жүйесі – 1944 жылы қабылданған ақша қатынасы мен сауда есебін ұйымдастыру бойынша құрылған халықаралық жүйе. Ол әлем елдерінің қаржылық қауіпсіздігі мен валюта бойынша әріптестігін қамтамасыз етуге бағытталған Халықаралық қайта құру және даму банкі және Халықаралық валюта қоры сияқты ұйымдардың құрылуына мұрындық болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »