Новости на Newstaraz.

Халықаралық ұйымдар өзбек блогеріне шығарылған үкімді айыптайды

newstaraz.kz

Халықаралық ұйымдар өзбек билігін «бопсалап ақша талап етті», «жала жабу» баптары бойынша алты жылға сотталған блогер Отабек Сатториді бостандыққа шығаруға шақырды.

Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists, CPJ) Өзбекстан билігі барлық журналистер өлкеде еркін және репрессиялардан қорықпай істейтіндей жағдай туғызуы керектігін айтты.

«Сатториге қарсы шығарылған үкім биліктің президент сайлауы қарсаңында журналистерді қорқытып, оларға өткір мәселелерді жаздырмау әрекеті»,- деді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша бағдарламалар үйлестірушісі Гульноза Саид.

«Шекарасыз тілшілер» (RSF) ұйымы блогерге тағылған айыптарды «ойдан шығарылған» деп есептейді. «Бұл билікті сынағандарды қорқыту және жергілікті коррупциялық істерді басу әрекеті екенін көрсетіп тұр», — деп жазылған ұйым мәлімдемесінде.

10 мамырда Өзбекстанның Сурхандария облысындағы Музрабад аудандық соты блогер Отабек Сатториді 6,5 жылға түрме жазасына кесті. 40 жастағы Саттори өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Telegram және YouTube каналдары арқылы «Халық пікірі» деген видеоблог жүргізетін блогер жергілікті билік өкілдерін сынап келген. Ол 30 қаңтарда Термез қаласында «бопсалап ақша талап етті» деген күдікпен ұсталған. Наурызда оған «жала жабу» бойынша қосымша айып тағылды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »