Новости на Newstaraz.

Хорогтың бейресми екі жетекшісін арнайы операция кезінде атып өлтірді

newstaraz.kz

Тәжікстан құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, Хорогтың бейресми жетекшілері Хурсанд Мазоров пен Зоир Раджабов «биліктің беріл деген талабын тыңдамады», арнайы операция барысында «қылмыскерлердің көзі жойылды»

Pamir Daily News порталының марқұмдарға жақындығы бар дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, Мазоров пен Раджабов өз-өзін жарып жіберген. Таулы Бадахшан автономиялы облысында интернеттің болмауына, телефон байланысының нашарлығына байланысты аймақтағы оқиғалар туралы мәліметті тексеру қиынға түсіп отыр.

Таулы Бадахшандағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мекемеаралық штабтың 12 маусымда кешке хабарлауынша, Зоир Раджабов пен Хурсанд Мазоров «құқық қорғау органдарына тергеуге бірнеше мәрте шақырылған, алайда әкімшілік органның заңды талаптарын орындаудан бас тартып келген», сол себепті арнайы операция ұйымдастырылған.

Ресми мәліметке қарағанад, 50 жастағы Мазоровтың үстінен терроризм, кісі өлтіру, есірткі саудасы айыптары негізінде бірнеше қылмыстық іс қозғалған, ал 50 жастағы Раджабов терроризм, ғимаратты басып алу арқылы билік орнатты, ұлтаралық араздық туғызды деп айыпталған.

Марқұмдардың туыстары мен жақындары олардың өлімі туралы айтудан қорқып отыр.

«Хурсанд Мазоров пен Зоир Раджабов арнайы жасақтың құқық қорғау органдарына өз еркімен берілу талабын орындамай, оларға қарулы қарсылық көрсетті, Ф-1 гранатасы мен Калашников автоматын қолданды. Оларға оқпен жауап қатқан уақытта қылмыскерлердің көзі жойылды», — деп жазды мекемеаралық штаб.

Раджабов пен Мазоров Таулы Бадахшанның белсенділері деп есептелді, бірақ билік оларды «Хорогтағы қылмыстық топ жетекшілері» деп санады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »