Новости на Newstaraz.

Індет аяқталғанына қарамастан Түркіменстан COVID-19 шектеулерінен бас тартпай отыр

newstaraz.kz

иллюстрационное фото

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 індеті аяқталды деп жариялағанымен Түркіменстан билігі коронавирус шектеулерінен әлі бас тартқан жоқ.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, елде Түркиядан келген жолаушылардан коронавирусқа тексерілуді талап етіп отыр. Тексеру 130 манат (ресми бағаммен 37 доллар) тұрады. Тест нәтижесі 48 сағатқа жарайды.

Азатлық тілшілері мен дереккөздердің айтуынша, шетелден келген жолаушылар Ашғабат халықаралық әуежайында анализ тапсыруы тиіс. «Анализді мұрыннан немесе тамақтан емес, тілдегі сілекейден ала салады», дейді жақында ғана Түркиядан оралған бір жолаушы.

Жолаушылар әуежайдағы тексеру ақысын манатпен төлеуі тиіс. Дереккөздердің айтуынша, әуежайдан анализ тапсырмай-ақ шығып кетуге болады, бірақ ол үшін 50 доллар пара беру керек.

«Дәрігер ұшақтан түскен жорлаушылардан 50 доллар алып, тексерусіз өткізіп жібереді. Ал анализ тапсырғандар нәтижені үш сағат бойы күтіп отыруға мәжбүр».

Жақында ғана Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирус індеті аяқталды деп жариялады.

Түркіменстан билігі ел аумағында ешкім коронавируспен ауырмады деуден таймай отыр. Тәуелсіз дереккөздердің хабарлауынша, індет кезінде елде кем дегенде 25 мың адам коронавирустан қайтыс болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »