Новости на Newstaraz.

Ирак түрмесінде аштық жариялаған әйелдер наразылығын тоқтатты

newstaraz.kz

Бағдад қаласындағы «Русафе» әйелдер түрмесіндегі наразылық білдіріп жатқан ресейлік азаматтарды жаза мерзімін елінде өтеу үшін Ресейге жіберетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде жазасын өтеп жатқан әйелдің бірі Кавказ.Реалии басылымына хабарлады.

Қылмыстық істі қайта қарауды талап еткен әйелдер екі апта көлемінде аштық жариялаған. Ресей және Орталық Азиядан шыққан әйелдер өздерін отанына жіберуді сұраған.

Кавказ.Реалии басылымының жазуынша, наразылық білдіргендердің арасында Өзбекстан, Дағыстан, Шешенстан, Ресей, Әзербайжан және Түркия азаматтары да бар.

Соңғы хабарға қарағанда, қазір ресейлік 21 әйелді отанына жөнелтуді қарастырып жатыр. Қалғандарының жағдайы қалай болатыны белгісіз.

Сәуір айының басында «Русафе» түрмесінде отырған 40-қа жуық әйел Азаттықтың қырғыз қызметіне хабарласып, отанына жіберуге көмектесуін сұраған. Олар 2013-2015 жылдары Сирияға, Иракқа барып, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қосылған күйеулерімен ілесіп барған әйелдер.

Reuters агенттігінің 2021 жыл 19 наурыздағы мәліметінше, «Русафе» түрмесінде 18 елдің 494 азаматы отыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »