Новости на Newstaraz.

Иран Ресейге дрондар тасымалдағанын мойындады

newstaraz.kz

Иран Ресейге әскери дрондар тасымалдағанын алғаш рет мойындады, алайда оларды Украинада соғыс басталмай тұрып бергенін айтты. Бұл жөнінде Reuters агенттігі жазды.

Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Абдоллахиян дрондардың шағын бөлігі Ресейдің Украинаға басқыншылығы басталмай тұрып бірнеше ай бұрын жеткізілгенін айтты.

Абдоллахиянның айтуынша, егер Ресейдің Иран дрондарын Украинадағы соғыста пайдаланғаны дәлелденсе, Тегеран бұл мәселеге «бейжай қалмайды». Оның айтуынша, Иран мен Украина арасында сондай айғақтарды көрсету бойынша келісім бар.

  • Биыл тамыз соңында Washington Post басылымы Украинадағы соғыста пайдалану үшін Ресейге Иранннан алғашқы дрондар жеткізілгенін хабарлаған. Иран билігі Ресейге дрон бергенін бірнеше рет жоққа шығарған.
  • Киев Мәскеуді азаматтық нысандарды иран дрондарымен шабуылдағаны үшін айыптаған. Украина жағының айтуынша, әскери қызметкерлер Иранда өндірілген 300-ден астам аппаратты атып түсірген. Ресей иран қаруларын қолданғанын мойындамайды.
  • 16 қазанда Washington Post Иран Ресейге тек дрон ғана емес, баллистикалық зымырандарын да бергенін хабарлаған.
  • 21 қазанда АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирби ирандық әскери қызметкерлердің басым бөлігі аннескияланған Қырымде екенін, ол жақтан дрондарды Украинаның азаматтық нысандарына тастауға қатысып жатқанын айтқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »