Новости на Newstaraz.

Иранда Өзбекстан тумасы Абдулатиф Муродиді дарға асты

newstaraz.kz

Өзбекстан тумасы Абдулатиф Муроди Иранда өлім жазасына кесілді. 20 маусымда оны Мешхедтегі Вакилад түрмесінде дарға асты. Бұл туралы аймақтың бас судьясы Гуломали Содиги ресми түрде хабарлады.

Абдулатиф Муроди биыл 5 сәуірде ұсталды. Оған Рамазан айында шиіт діндарлары Мұхаммад Аслони мен Мұхаммад Садик Дараиге Мешхедтегі имам Реза кесенесінде пышақпен шабуылдады деген айып тағылған.

Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметінше, 21 жастағы Муроди олардың әрқайсына кем дегенде жиырма мәрте пышақтаған. Мұхаммад Аслани сол жерде жан тапсырды. Мұхаммад Садик Дараи екі күннен соң ауруханада қайтыс болғаны хабарланды.

Иранның ішкі істер министрі Ахмад Вахиди шабуылды «террористік акт» деп атады. Алайда сот сүннит Абдулатиф Муродиді «Аллаға қарсы қылмыс жасады» деп таныды. Үкім 7 маусымда жарияланды.

Муроди шабуылынан екі күн бұрын Гунабад қаласында екі суннит имамын атып кеткен.

83 миллион халқы бар Иранда тұрғындардың дені шиіттер, ал сүнниттер халықтың 10 пайызына да жетпейді.

Абдулатиф Мурадидің Өзбекстаннан Иранға қандай мақсатпен барғаны туралы мәлімет жоқ.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »