Новости на Newstaraz.

Иранда аятолла Хаменеидің немере қарындасы қамауға алынды

newstaraz.kz

Иранның рухани көсемі әрі жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің немере қарындасы, құқық қорғаушы Фариде Морадхани Иран билігімен барлық қатынасты үзуді сұрап, әлемдік қауымдастыққа үндеу тастаған соң қамауға алынды. Бұл жөнінде Морадханидің ағасына сілтеп, CNN телеарнасы мен Reuters агенттігі хабарлады.

Францияда тұратын Махмұд Морадханидің сөзінше, ол әпкесінің алдын ала жазылған видеосын 23 қарашада жариялаған.

«Азат адамдар, бізге көмектесіңіздер, балаларды да өлтіріп жатқан бұл қанды режимге қолдау көрсетуді тоқтату жөнінде үкіметтеріңізге айтыңыздар. Бұл режим өзінің діни принциптерінің бірін де сақтамайды, ешқандай заңды да, ережені де білмейді, өз билігін сақтап қалу үшін күш қолдануды ғана біледі», — дейді Морадхани. Оның сөзінше, Иран халқы қазіргі билікті қолдайтындарды жек көреді. Морадхани демократиялық елдерді Ирандағы өкілдіктерін шақырып алып, Тегеранмен жұмыс істеспеуге шақырған.

Үндеудің қашан жазылғаны белгісіз.

Фариде мен Махмұд Морадхани — биыл қазан айында өлген діндар оппозиционер Әли Техранидің балалары. Әли Технари аятолла Хаменеидің қарындасының күйеуі.

  • Ирандағы наразылық қыркүйекте әйелдер құқығын қорғаушы, азшылық күрдтерден шыққан 22 жастағы Махса Әминидің өлімінен кейін басталған. Әминиді Иранның әдеп полициясы «шариғатқа сай киінбеді» деп ұстап, бірнеше күннен соң ауруханаға апарған. Махса Әмини ауруханада қайтыс болған. Наразылыққа шыққандар оны полиция ұрып өлтірген деп санайды.
  • Полицияның зорлық-зомбылығына, биліктің қуғын-сүргініне қарсы Иран халқының қнаразылыққа шыққанына үш ай болды. Жаппай наразылық кезінде халық елді демократия жолына салуды, Әли Хаменеидің биліктен кетіруді талап етіп жатыр.
  • Полиция наразылыққа шыққандарды қатаң жаныштауға кіріскен: құқық қорғаушылардың мәліметінше, бүгінге дейін 326 адам өлтірілген. Оның 43-і сәби. 15 мыңнан астам адм қамауға алынған. 14 қарашада Иран соты наразылыққа шыққан адамды өлім жазасына кескен.
newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »