Новости на Newstaraz.

Иранда наразылыққа қатысқан бір адам өлім жазасына кесілді

newstaraz.kz

Иранда Тегерандағы наразылыққа қатысқандардың бірі өлім жазасына кесілді. Бұл туралы жергілікті Mizan Online ақпарат агенттігі хабарлады.

Иран астанасындағы наразылық қыркүйектің ортасында басталды. Оған 22 жастағы Махсы Әминидің ар-ұждан полициясы хиджабты «дұрыс тақпағаны» үшін ұстағаннан кейін қайтыс болуы себеп болған.

Басылым имәліметінше, өлім жазасына кесілген адамның есімі Саман Сейди. Оны үкімет ғимаратын өртеді, қоғам тәртібін бұзды, ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасау мақсатында уағдаласты, қару қолданды деп айыптаған. Саман Сейдиді «Құдайдың жауы» деп жариялаған.

Тағы бес адам бес жылдан он жылға дейін түрме жазасын алды. Оларға да «қоғам тәртібін бұзды, ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасау мақсатында уағдаласты» деген айыптар тағылған. Агенттік мәліметінше, шығарылған үкімдерге шағымдануға болады.

Тағы екі журналист өлім жазасына кесілуі мүмкін. Нилуфар Хамеди мен Элаэ Мохаммади 22 жастағы Әминидің өлімі туралы бірінші болып жазған. Иран билігі оларға мемлекетті сатты, АҚШ арнайы қызметіне жұмыс істеді деп айыптап отыр.

Иран билігі елде болып жатқан оқиғалар туралы әлемдегі ақпарат құралдары білмегенін қалайды. Наразылық басталғалы бері қырықтан астам журналист ұсталды. Бостандықта жүрген журналистер артына адам түскенін, телефондарын тыңдайтынын айтқан.

Иранда екі ай наразылықта 300-ден астам адам өлді, 15 мыңға жуық адам ұсталды. Олардың көбі өлім жазасына кесілуі мүмкін. Наразылық акцияларын билік күшпен басып отыр. Полиция қару қолданып жатыр, бірақ адамдар көшеге шығуын доғармады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »