Новости на Newstaraz.

Израиль мен «Ислам жиһады» радикалды тобы Газа секторы бойынша бітім жасасуға келіскен

newstaraz.kz

Израиль билігі мен «Ислам жиһады» радикалды тобының өкілдері бітім жасасу туралы келісімге келді.

Келісім туралы алғаш болып радикалды топтың беделді мүшесінің мәлімдемесіне сүйенген Agence France-Presse пен Египет барлауының мәліметтеріне сүйенген Associated Press агенттігі хабарлады. Бұл мәліметке қарағанда, бейбіт келіссөзге Каир ара ағайындық жасаған. Алайда келісімде қандай шарттар аталғаны туралы хабар жоқ.

5 тамызда Израиль әскері «Рауан» операциясы басталғаны туралы хабарлап, Газа секторының Палестина аумағын зымыранмен бірнеше рет атқан. Израиль осы соққы кезінде «Ислам жиһады» радикалды тобының екі жетекшісі Тайсир әл-Жабари мен Хәлед Мансұрдың көзі жойылды деп хабарлады.

Палестинаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, зымыран шабуылынан 36 адам өлген, оның ішінде 11 бала бар. Израиль әскері өлгендердің көбі «Ислам жиһадының» әскери қанатының мүшелері, ал кейбірі Палестина жауап соққы жасаған кезде өлді» деп есептейді.

7 тамызда Израиль премьер-министрі Яир Лапид «Рауан» операциясы көздеген мақсатына жетті» деп мәлімдеді. «Әл-Жазира» телеарнасы «Ислам жиһады» бейбіт келісім жасау үшін Израильден «террор әрекетіне байланысты айыпталып, Иудея мен Самарияда қамауда отырған ондаған адамды шұғыл босатуды талап еткен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »