Новости на Newstaraz.

Кипр ресейлік байлардың «алтын паспортын» жояды. Санкция тізімінде Усмановтың қарындасы да бар

newstaraz.kz

Кипр ресейлік төрт миллиардер мен олардың отбасы мүшелерінің азаматтығын жояды, деп хабарлады «Филелефтерос» газеті. Мұндай шешімге кәсіпкерлердің Еуроодақ енгізген санкция тізіміне ілігуі себеп болды.

Инвестиция құйғаны үшін берілетін алтын паспорттар кәсіпкер Олег Дерипаскадан, «Меркурий» компаниялар тобының президенті Игорь Кесаевтан, «Комсомольская правда» мен РБК медиа-холдингінің қожайыны Григорий Берёзкиннен және Әлішер Усмановтың қарындасы Гүлбахор Исмаиловадан, сонымен бірге олардың 11 туысынан қайтарылады.

Мәліметтерге қарағанда, Дерипаска Кипр азаматтығын 2017 жылы, Исмаилов 2015 жылы, Березкин мен Кесаев 2012 жылы алған.

Сәуір айының ортасында Кипр үкіметі Ресейдегі төрт миллиардер мен олардың отбасыларының 17 мүшесінің Кипр азаматтығын жою ісін бастады. Ресей президенті Владимир Путиннің сенімді адамдарын ЕО санкциясы тізіміне қосқан. «Филелефтерос» газетінің мәліметінше, Кипр азаматтығынан айрылатындар арасында Михаил Гуцериев, Александр Пономаренко, Вадим Мошкович және Алексей Кузьмичёв бар. Украинадағы соғыс басталардан бұрын Forbes журналы олардың байлығын шамамен 16 миллиард долларға бағалаған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 6779 шетел азаматы алтын паспорт бағдарламасы бойынша Кипр азаматтығын алған, солардың 2886-сы — ресейлік. Кипр билігі инвестиция салғаны үшін азаматтық алған тағы 1100 адамды тексеріп жатыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »