Новости на Newstaraz.

Kompromatuzb арнасын жүргізген журналистерге қатысты іс сотқа өтті

newstaraz.kz

Kompromatuzb Telegram-арнасына байланысы бар журналистерге қатысты қылмыстық іс сотқа өтті.

Осы іс аясында журналист Хуршид Дәлиевке, «Өзбекмұнайгаздың» бұрынғы баспасөз хатшысы Сиявуш Хошимовқа, халықты жұмыспен қамту жөніндегі министрліктің бұрынғы баспасөз хатшысы Мавжуд Мирзаевқа және тағы бір адамға айып тағылған. Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаңтардың аяғында құқық қорғау органдары Human.uz басылымының директоры Дәлиев пен бас редакторы Мүслім Мирзажоновты ұстаған. Одан соң Мавжуд Мирзаев пен Сиявуш Хошимов қамауға алынған. Іске Ахмадулло Ахмаджоновтың да қатысы бары хабарланған.

Жоғарғы сот мәліметінше, Хуршид Дәлиевке жалған ақпарат таратты, ақша бопсалады, салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағылған. Сиявуш Хошимовті де жалған ақпарат таратты, ақша бопсалады деп айыптап жатыр. Осыған ұқсас айыптар Мавжуд Мирзаев пен Ахмадулло Ахмаджоновқа тағылған.

Айыпталушылар тізімінде Мүслім Мирзажонов жоқ.

Айыптау қорытындысына қарағанда, қылмыстық істе 19 жәбірленуші, 10 шағымданушы бар. Олар күдіктілер әрекетінен 5,14 млрд сум шығынға батқанын айтқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »