Новости на Newstaraz.

Лукашенко NEXTA-ның бас редакторы Роман Протасевичке рақымшылық жасады

newstaraz.kz

Беларусь елінде таяуда сегіз жылға сотталып, түрмеге жабылған NEXTA оппозициялық басылымының бас редакторы Роман Протасевичке рақымшылық жасалған.

Мамырдың бас кезінде Минск соты «билікті басып алу мақсатымен жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен оны сегіз жылға соттаған еді.

NEXTA ісі бойынша айыпталған тағы екі адам – Степан Путило 20 жылға, Ян Рудик 19 жылға сырттай сотталған.

NEXTA телеграм-арнасы 2020 жылы Беларусте болған ірі қарсылық акциясынан хабар таратқан ақпарат құралы ретінде танылған. Оны құрушылар Степан Путило пен Роман Протасевич полиция қызметкерлері мен президент Лукашенконы қатаң сынаған.

Протасевич пен оның сүйген қызы, Ресей азаматы Софья Сапега 2021 жылы Ryanair ұшағы Минскіге төтенше жағдайда қондырылған кезде тұтқындалған. Көп ұзамай Протасевич Беларусьтің мемлекеттік телеарналары арқылы сөйлеп, бұрынғы серіктерін «айыптай» бастаған.

Беларусь Жоғарғы соты NEXTA, NEXTA Live және Luxta телеграм-арналарын «террорлық ұйым» санатына қосып, Беларусь жерінде ақпарат таратуына тыйым салған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »