Новости на Newstaraz.

Мәулен Әшімбаев сенат спикері болып қайта сайланды

newstaraz.kz

26 қаңтарда сенаттың жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары палата спикері қызметіне Мәулен Әшімбаевты қайта ұсынды. Осы аптада Әшімбаев президент жарлығымен сенат депутаты болып қайта тағайындалған.

Бейсенбі күні Тоқаев Әшімбаев бұл қызметті бұған дейін де «абыроймен атқарғанын», мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол екенін атап өтті. Ізінше сенат отырысында депутаттар бірауыздан президенттің ұсынысын қолдады. Осылайша Әшімбаев сенат спикері болып қайта сайланды.

51 жастағы Мәулен Әшімбаев сенат спикері болып 2020 жылы мамырда – экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева депутаттық өкілетін тоқтатқаннан кейін тағайындалған.

Заң бойынша сенат спикері сенат отырыстарын шақырып, төрағалық етеді; сенатта қаралатын мәселелерге жетекшілік жасайды, сенат регламентінің сақталуын қадағалайды. Сенат шығарған актілерге қол қояды.

Бейсенбі күні сенат отырысында бұрын Жоғарғы сотты басқарған, осы аптада президент жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалған Жақып Асанов сенат төрағасының орынбасары болып бекітілді.

Қаңтар ортасында сенат сайлауы өтіп, парламенттің жоғарғы палатасына елдің 17 облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 20 депутат сайланды, оның төртеуі бұған дейін де депутат болған. Бұған қоса, осы аптада Тоқаев жарлығымен сенаттың он депутаты тағайындалған (бесеуін Қазақстан халық ассамблеясы ұсынған). Қалған сенат депутаттарының өкілет мерзімі әлі аяқталған жоқ.

Елде бірен-саран азаматтық белсенділер сенат депутаттығына өзін өзі ұсынуға талпынып көрген, бірақ тіркеле алмады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »