Новости на Newstaraz.

МАГАТЭ Солтүстік Кореяның плутоний өндіргенін анықтаған

newstaraz.kz

Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік Солтүстік Кореяның реактор отынынан плутоний бөліп шығару жұмысын жүргізгенін анықтаған.

Материал ядролық қару жасау мақсатында қолданылуы мүмкін, деп мәлімдеді МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси.

МАГАТЭ Солтүстік Кореядағы ядролық нысандарды тексере алмайды. КХДР басшылығы 2009 жылы БҰҰ-ның ядролық қуат саласындағы жұмыстарды бақылайтын инспекторларын елден шығарып жіберді.

Сол себепті ұйым Солтүстік Кореядағы жұмыстарды спутниктен түсірілген суреттердің көмегімен бақылауға мәжбүр, деп хабарлады «Америка дауысы». Олар Солтүстік Кореяның Йонбендегі ядролық кешеніндегі жұмыстарды жіті бақылап отыр.

Ұйым мамандары жақында ядролық кешеннің радиохимиялық зертханасынан бу шыққанын байқаған. Бұған дейін бұл кешен үш ай бойы жұмыс істемей тұрған. Сол кезде Гросси реактор 2018 жылғы желтоқсанда жабылған болуы мүмкін деп болжаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »