Milliyet: Стамбұлда Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтеді
Алдағы аптада Стамбұлда Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ өкілдерінің қатысуымен келіссөз өтеді. Онда Украинадан астық шығару мәселесі қаралады деп хабарлайды Milliyet басылымы түрік президенті айналасындағы дереккөзге сүйеніп.
Топ құрамы әзірге белгісіз. Басылымның жазуынша, бұл кездесуге Түркия президенті Режеп Ердоған мен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысуы мүмкін.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадан астық шығару бойынша Түркиямен байланыс жүргізгенін растады. Ол бұл келіссөзге қорғаныс министрлігі өкілі қатысып жатқанын жеткізген.
Келіссөз болатын нақты күн әлі айтылмады. Украина трапы бұл жайында пікір білдірмеді. Бірақ Ресей мұны Одессаға қарсы шабуыл жасау үшін пайдалануы мүмкін деген қауіпін айтқан.
Украина әлемде бидай экспорттау бойынша төртінші орында. 2021 жылы 45 млн тонна астық сатқан.
Биыл Украина Қаратеңіз порттарын Ресей тарабы бұғаттап отырғандықтан 22 млн тонна астықты экспортқа шығара алмай отыр.
БҰҰ өкілі Украинадағы соғыс әлемде аш отырған 18 млн адам санын 218 млн адамға көбейтуі мүмкін екенін мәлімдеген.
13 маусымда Украина астықтың бірінші партиясын Балтық теңізі арқылы ЕО елдеріне жеткізген.
newstaraz.kz