Новости на Newstaraz.

Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметін 37-жылғы репрессияға теңеді (аудио)

newstaraz.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 ақпанда Бұхара облысы Пешкун ауданының белсенділерімен кездесіп, Ұлттық қауіпсіздік қызметін (ҰҚҚ) тағы да қатаң сынға алды. Президенттің сөздерінше, Бұхара облысының ҰҚҚ басқармасы кәсіпкерлерге қырғидай тиіп, жазықсыз түрмеге отырғызған.

«…Бізде ұлттық қауіпсіздік деген құдай берген бір ұйым бар. Бір мемлекеттік ұйымда қаншама өкілеттік берілген. Сол үшін Бұхара облысында наразылық көбейді. Маған жеткен хат иелері наразы. Мұнда кәсіпкерлерді жойған ұйым әлі жұмыс істеп жатыр», – деді президент.

Шавкат Мирзияевтің сөздерінше, өзінде Бұхара облыстық ҰҚҚ басқармасы жасаған қаншама қылмыстық дәлелдер бар.

«Менде тіпті зорлық-зомбылық бейнесі бар суреттер бар. Мен оны жасаған тергеушілердің аты-жөндерін білемін. Құдай денсаулық берсе, зұлымдық жасағандардың бәрін теледидардан көретін уақыт келеді. Мен осылардың бәрін олардың өздеріне сынаймын. Неге? Себебі әділеттілік болу керек. Егер қажет болса, олар жиырма жылға дейін түрмеде отырады», – деді президент.

Мирзияевтің айтуынша, заңсыз әрекеттерден шаршаған кәсіпкерлер Бұхарадан қашып кетуге мәжбүр болған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »