Новости на Newstaraz.

Мирзияев түрік азаматтарын Ердоғанға дауыс беруге шақырды

newstaraz.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев түрік сайлаушыларын алдағы сайлауда қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанды «толық қолдауға» шақырды. Түркияда президентті сайлау екі айдан кейін өтеді.

Мирзияев 16 наурызда Анкарада Түркі елдері ұйымының кезектен тыс саммитінде сөйледі.

Өзбекстан басшысының мәлімдеуінше, «қуатты Түркияның жетістікке жетуінде құрметті президенттің үлесі зор».

«Бауырлас халықтар атынан түрік халқын алдағы сайлауда құрметті Режеп Тайып Ердоғанды толық қолдауға шақырамын», — деді өзбек президенті.

Мирзияев Ердоғанның билікте қалуын қалап отырса, Өзбекстан қазіргі президенттің құзыретін ұзартуды көздейтін референдумға дайындалып жатыр.

30 сәуірде Конституцияның жаңа нұсқасы жөніндегі референдумда 2016 жылдан бері ел басқарып отырған Мирзияевтің президент мерзімі «өшіріліп», ол билікте 2040 жылға дейін қала алады.

Анкарадағы саммит табиғи апаттар мен гуманитарлық көмек тақырыбына арналғанына қарамастан, сарапшылардың кейбірі бұл жиын Түркияны жиырма жылдан бері басқарып келе жатқан президент Ердоғанды қолдау мақсатында ұйымдастырылған деп есептейді.

Түркияда президентті сайлау биыл 14 мамырда өтеді. Түрік оппозициясы Кемал Қылычдароглуды таңдады. Халықтық-республикалық партиясының жетекшісі мамырдағы сайлауда Режеп Ердоғанның басты қарсыласы атанады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »