Новости на Newstaraz.

Мирзияевтің қауіпсіздік қызметі президент «имиджіне нұқсан келтіретін» ақпараттан қорғайды

newstaraz.kz

Өзбекстандағы азаматтық қоғам өкілдері Президент қауіпсіздігі мемлекеттік қызметі туралы жаңа заң сөз бостандығын шектейді деп алаңдайды.

Заңға президент Шавкат Мирзияев 6 шілдеде қол қойған күннен бастап күшіне енді. Онда президент қауіпсіздігі мемлекеттік қызметіне қырықтан астам құзырет берілген. Жаңа заңда мемлекет басшысы мен оның отбасының ар-ұжданына тиетін, сонымен бірге президенттің саяси қызметін жоққа шығаратын мәліметтердің таралуына жол бермеу құзыреті туралы айтылған.

Заңға сәйкес, президент Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қорғауындағы азаматтардың ар-ұжданына және қоғамдық-саяси қызметіне нұқсан келтіретін ақпарат үстінен прокуратураға, сот органдарына шағымдана алады.

Өзбек блогері Тохир Собировтің пікірінше, мұндай заң сөз бостандығын шектейді.

«Сынды мұнда президентті қаралау деп қарастыруға болады. Әлеуметтік желіде біреу президент, оның қызы немесе күйеу баласы туралы жазса, оны жалған ақпарат таратты деп айыптап, қудалауы мүмкін. Заңда президент пен оның отбасын алалау дегеннің нақты нені білдіретіні айтылмаған», — дейді блогер.

Президент қауіпсіздігі мемлекеттік қызметі 2018 жылғы ақпанда құрылды. Қызмет тікелей президентке бағынады. 2020 жылғы желтоқсанда бұл қызметке Әлішер Усманов басшы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »