Новости на Newstaraz.

Мирзияевтің күйеу баласы 6 мың доллардың Montblanc кеңсе тауарларын салық төлеушілердің ақшасына сатып алған

newstaraz.kz

Өзбекстан халқы жақында ғана Қорғаныс министрлігінің 30 миллион сумға (шамамен 3 мың доллар) екі алтын қаламсап сатып алғанын сынаған еді.

Сол кезде министрлік «қымбат қаламсаптар бюджеттен тыс қаражатқа алынады» деп ақталған.

Өзбекстанда министрліктердің бюджеттен тыс қаражаты қанша екені, оның қайдан келетіні айтылмайды.

Өзбекстан президенті әкімшілігінің шенеунігі, президент Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы Ойбек Турсунов салық төлеушілердің ақшасына Montblanc брендінің үстел заттарын 51 миллион сумға (6221.6 доллар) сатып алған. Азаттық радиосының өзбек қызметінде соны растайтын құжат бар. Қымбат заттар 2018 жылғы 15 қазанда сатып алынған.

Бір қызығы, үстел заттарын Ойбек Турсунов Montblanc компаниясының өзініне немесе ресми дилерінен емес, Ким Н.С. есімді «жеке кәсіпкерден» алған.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы келісім-шартқа қарағанда, сатып алынған заттарға хат ашатын пышақ, хат салғыш, блоттер пресс-папье, қаламсап салғыш, қауырсын қалам, қаламсап, үстел бювары және сурет салғыш кіреді.

Шавкат Мирзияевтің екі күйеу баласы да мемлекеттік органдардағы лауазымды қызметтерде істейді.

Ойбек Турсунов 2017 жылы президент әкімшілігінің мемлекеттік резиденциясының бас директоры болып тағайындалды.

Мирзияевтің екінші күйеу баласы — Отабек Умаров Президент қауіпсіздігі қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Өзбекстан халқы кезінде Умаровтың түнде Tesla автокөлігімен жарысқанын, ММА атлетінің ескі жейдесін 100 мың долларға сатып алғанын сынаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »