Наманганда ерлі-зайыптылар қарбызға уланып қайтыс болды
Өзбекстанның Наманган облысы Нарын ауданында отбасы мүшелері қарбызға уланып, ауруханаға түскен. Олардың екеуі қайтыс болды деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Мекеме мәліметінше, 11 тамызда ерлі-зайыптылар, екі баласы мен екі немересі ауыл базарынан қарбыз сатып алып жеген. Ерлі-зайыптылар пәтерінде қайтыс болған. Қалғаны ауруханаға жеткізілген.
Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
newstaraz.kz