Новости на Newstaraz.

Навальный түрмеде аштық жариялады

newstaraz.kz

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный түрмеде аштық жариялады. Ол бұл жөнінде инстаграм парақшасына жазды.

Оның сөзінше, дәрігерді шақырып, дәрі алуға құқығы бар. «Бірақ екеуіне де рұқсат бермей жатыр. Арқамдағы ауырлық аяғыма өтті. Оң аяғым, енді сол аяғым сезімталдығын жоғалтты. Медициналық көмек берудің орнына ұйқымды бұзып қинап жатыр», — деген саясаткер.

Навальный заң талаптарын орындату үшін аштық жариялайтынын мәлімдеді.

2020 жылдың тамыз айында Навальный «Новичок» улы затымен уланып, ұзақ уақыт комда жатты. Оны емдету үшін Германияға алып кетті. Ол 2021 жылдың басында толық емделіп, Ресейге қайтқан кезде, оны әуежайдан ұстап, Мәскеудегі тергеу абақтысына алып кеткен. Қазір Покров қаласындағы № 2 абақтыда жатыр.

24 наурызда саясаткердің адвокаттары оның денсаулығы күрт нашарлап кеткенін айтқан. Бірақ сол күні Жазаны атқару федералды қызметі Навальныйдың медициналық тексеруден өткенін, денсаулығы жақсы екенін мәлімдеген.

1999 жылы БҰҰ қабылдаған Стамбұл құжатына сәйкес, ұйқыдан айыру азаптауға жатады.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »