Новости на Newstaraz.

«Не жүгіңді түгел түсіресің, не кейін қайтасың». Қырғыз жүк көліктері Қазақстан-Ресей шекарасында тауарын түгел түсіруге мәжбүр

newstaraz.kz

Ресей кеденшілері Қырғызстан жүк көліктерінің жүргізушілерін тауарды түгел түсіруге мәжбүрлеп жатыр. Егер түгел түсірмесе, Ресейге жібермейді. Бұл жөнінде жүк көліктерінің жүргізушілері әлеуметтік желіге видео шығарды,- деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

«Таңдау жоқ, не жүгіңді түгел түсіресің, не Қырғызстанға қайтасың. Біз тауарды түгел түсірген соң инспектор келіп, бәрін видеоға түсіреді екен. Ең дұрысы мұнда келмей-ақ қойыңдар» дейді тауары түсірілген жүк көлігінің жүргізушісі.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі хабарына қарағанда, бұл оқиға Ресейдің Қазақстанмен арадағы «Маштаково» (Орынбор-Ақтөбе) кеденінде болып жатыр. Қырғызстан елшілігі Қырғызстан азаматттарының құқығын қорғауға кіріскенін хабарлаған.

Кырғызстан Еуразия экономика одағының мүшесі. Бұл одақа Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресей кіреді. Келісім бойынша, одақ ішінде тауар еркін жүруге тиіс. Бірақ іс жүзінде Ресей бұл ұйым мүшелеріне түрлі шектеу қойып келеді. Россельхознадзор «фитосанитарлық бақылау талаптарына сай келмейді» деген желеумен ұйымға мүше елдердің жеміс-жидектрін Ресейге өткізбей тастаған кездер жиі кездеседі.

18 наурызда Еуразия экономика одағы комиссиясысының отырысынан кейін Ресей экономикалық даму министрі Максим Решетников кеден алымы бойынша есептесу кезінде «үшінші елдердің» валютасын пайдаланбай-ақ, Ресей рублін қолдану жөнінде келісім жасасқанын мәлімдеп, оны «бірыңғай рубль кеңістігінің старты» деп сипаттаған.

Бұл мәлімдеме Қазақстан қоғамының назарын аударып, үкіметтін ЕЭО жоспарын түсіндіруді талап еткен.

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов LS басылымына берген түсініктемесінде «бірыңғай рубль аймағы туралы сөз болған жоқ» деп мәлімдеген. Оның сөзінше, әңгіме «ЕЭО елдерінің кеден алымын реттеу тетіктері» туралы болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »