Новости на Newstaraz.

Нуланд: АҚШ Украинаның Қырымдағы ресейлік әскери нысандарды соққылауын қолдайды

newstaraz.kz

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуландтың мәлімдеуінше, Америка Құрама Штаттары Украинаның аннексияланған Қырымдағы ресейлік әскери нысандарға соққа жасауын қолдайды.

«Ресей Қырымда көптеген әскери нысан тұрғызды. Украинаның оларға соққы жасауға құқығы бар, ал біз оны қолдаймыз. Қырым демилитаризацияланбайынша, Украина өзін қауіпсіз сезіне алмайды», — деп мәлімдеді Нуланд. Ол 16 ақпанда Карнеги орталығында бейнебайланыс көмегімен баяндама жасады.

Нуландтың пікірінше, Қырым мәселесіне жетпес бұрын, украин әскері әуелі ауқымды аймақтарды қайтарып алуы тиіс. «Қазір олар осы мақсатты орындап жатыр», — дейді АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары.

Украина өз жерлерінің бәрін қайтарып алу үшін күресіп жатыр, ал АҚШ Киевті, сонымен бірге оның келесі шабуылға дайындығын қолдайды, деп мәлімдеді Нуланд Мемлекеттік департаменттегі брифингте.

Бұның алдында Ресейдің бірқатар өкілі Украина Қырымға шабуылдаса, Мәскеу қатаң шара қолдануы мүмкін деп ескерткен. Олар ядролық қару қолдану мүмкіндігі жоғары екенін де айтқан.

Украина 2014 жылы Қырымның аннексиялануын мойындаған жоқ, алайда Киев 2022 жылы Ресей шабуылы басталмай тұрып түбекті бейбіт жолмен қайтаруға үміттенген. Енді украин билігі Қырымды қарумен азат ету туралы мәлімдеп жүр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »