Новости на Newstaraz.

Нью-Йорк соты бүгін Трампқа ресми түрде айып тағады

newstaraz.kz

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа бүгін Нью-Йорк соты ресми түрде айып тағады. АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы президентке қылмыс жасағаны үшін сот айып таққалы тұр.

Президенттік қызметтен кеткеннен кейін Флорида штатында тұрып жатқан Трамп дүйсенбіде Нью-Йоркке ұшып келген.

2024 жылы өтетін АҚШ президентін сайлауға кандидатурасын ұсынған бұрынғы президенттің үстінен қозғалған іс 2016 жылы порножұлдыз Сторми Дэниелске Трамппен әлдебір сексуал қатынаста болғаны туралы тіс жармау үшін берілген 130 мың долларға қатысты.

Манхэттеннің округтік прокуратурасы «Трамп сайлау қорының ақшасын пайдаланып, сайлау заңын бұзды» деп есептейді. Трамп пен оның адвокаттары мұндай факт жоқ екенін, мұның бәрі республикашыл бұрынғы президентті саяси тұрғыда қуғындау деп білетінін мәлімдеген.

Сот тыңдауы жергілікті уақыт 14.15-ке белгіленген. Трамп сотқа өз еркімен келеді. Бірақ сот әдеттегідей жеке куәлігін тексеріп, суретке түсіріп, саусақ таңбасын алады.

Сотта айыптау ашық түрде оқылады, содан кейін Трамптан өзінен кінәлі я кінәлі емес деп есептейтінін сұрайды. Бұдан соң судья келесі сот отырысының уақытын белгілейді. Сот бірнеше айдан кейін болуы мүмкін. Сот залына БАҚ фотографтары жіберіледі, видео түсіруге тыйым салынады.

Теориялық тұрғыдан алғанда, сот Трампты қамауға алу туралы шешім шығаруы мүмкін, бірақ ол екіталай. Оны еш кепілдіксіз-ақ келесі тыңдауға дейін босатады. Трамп қазірдің өзінде сейсенбі күні кешке Нью-Йоркке оралып, жақтастарының алдында сөйлейтінін мәлімдеді. Тағылған айып оның сайлау кампаниясына кедергі болмайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »