Новости на Newstaraz.

ОҚУШЫНЫ 100 МЫҢҒА САТПАҚ БОЛҒАН

newstaraz.kz

Досын 100 мың теңгеге сатпақшы болған оралдық оқушылар іздестірілуде. Хабарлама танымал отандық сайттардың бірінде жарияланыпты. Алайда құзырлы органдарға шағымданып, еш нәтиже көрмеген баланың анасы арнамызға хабарласып көмек сұрады. Оның сөзінше, ұлын сыныптастары ұрып-соғып, төрт қабырғасын сындырған, одан қалды күніге ақшасын бопсалаған. Енді баласы мектепке барудан қалып, жекеменшік орталықтарда оқып жүрген көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Негізі менің баламды 5 жылға учетқа алған еді. Эпилепсия деген ауруымен. Оны кейін 3 жылдан кейін учеттан шығарды. Білмеймін айта алмаймын». Ананың көз жасына ерік беруі түсінікті. Өйткені талма ауруынан сауығып, денсаулығы дұрыстала бастаған баласының өмірі енді жақсара ма деп еді. Болмады. Өз сыныптастары күн көрсетпепті

Ата-анасы тамағына, жолына, керекжарағына беретін ақшасын күніге бопсалаған, бермесе сабақтан кейін аямай ұрып-соққан. Бір апта, бір ай емес, жарты жыл бойы. ЖӘБІРЛЕНУШІ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: «Сабақтан кейін мектептің қасындағы магазинде күтіп алған екі бала, соның біреуі соққыға жыққан, 4 қабырғасын сындырды, қос аяғымен басынан секірген. И мен прокуратураға барлым. Бәріне арыз қалдырдым. Енді мүлдем ешқандай жауап жоқ». Алайда, жәбірленуші баланың анасы бірден арыз жазбапты. Балалық шығар деп талай рет кешіріммен қарап, әлгілерді аяған. Бұзақы болса да, тәртіп бұзса да, баласын ұрса да,

болашақтарына балта шаппайын депті. Бірақ, мына бір оқиға ашуына қатты тиген. ЖӘБІРЛЕНУШІ БАЛАНЫҢ АНАСЫ «Әлеуметтік жүйе дей ме, соған баланың фотосын салып жіберген. +0624- Астына жазып жіберген: Животное 100 мың теңге деп. Баламның фотосын + 0855- Рұқсатсыз қойып бір. Екіншіден, намысына тиіп тұр. Үшіншіден, келмеждеп тұр. Анда қанша комментарий жазып жатыр. Соның барлығы баланың намысына тиеді ғой». Қысқасы, әлеуметтік желіге Исламның суретін қойып, «жануар сатылады» деп хабарлама қалдырған ғой. Оны мектептің бәрі көріп үлгерген. Түрлі пікір жазған, тіпті мүшелеп сатып алуға бола ма деп ұсыныстарын айтқан. Енді бала мектепке барудан қалды. Сыныптастарының көзіне көрінбеу үшін ақша төлеп, жеке меншік орталықтарына барып оқып жүр. Бірақ, Ислам әлгі бұзақыларға емес, анасына ренжулі. Арыз жазбағаныңда, бәрі дұрыс болар ме еді деп. Алайда, айтып айтпай не керек? Арыз жазылды, оны полицейлер қарады, бірақ іс сол күйінде қалды. ГҮЛАМАН СМАҒҰЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Бұл факті деген полиция бөліміне ресми тіркелді. Қаралды. Алайда бұл факті бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты материал істен шығарылды». Бұл істен қалалық білім басқармасы да таныс. Бірақ, сөздерін тыңдасаң, бәрі керемет, күшті, былай айтқанда шындықтан әлдеқайда алыс. Сыныптастары баланы ұрып, қабырғасын сындырып, күн көрсетпей жүргендерін білмейді де. ЖАЗИРА РЫСҚАЗИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ «Исламның сабаққа қатысуы жөнінде сыныптағы тәртібіне байланысты әлі де балалар мен келіспеушілк анықталған жоқ. Қазіргі уақытты күнделік сайтынан қарап жатырмыз. Ислам сабағын жібермеген. Күнде келіп жүрген».

Қалай болғанда да, баланы ұрып-соғып, келемеждеп, мазақ еткендер Исламнан да, анасынан да бір кешірім де сұрамапты әлі. Олардың ашуына тиіп жатқаны да осы. Сондықтан бұл отбасы тиісті оқушылар жазаланбай, оңай беріле салмаймыз деп отыр.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »