Новости на Newstaraz.

«Омбыда әскери комиссариатты өртеді» деп айыпталған Қазақстан азаматы 13 жылға сотталды

newstaraz.kz

Ресейдің Омбы қаласында «танысымен бірігіп, әскери комиссариатты өртеді» деп айыпталған Қазақстан тұрғыны 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Ресейдің Федерациялық қауіпсіздік қызметі басқармасына сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, сот «бір топ адаммен сөз байласып, мүлікке едәуір шығын келтірді» деп айыпталған Қазақстан азаматы Аңсаған Молдахметовті кінәлі деп таныған. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуді үкім еткен.

Сот мәліметіне сүйенген агенттіктің жазуынша, айыпталушы былтыр мамырда «Telegram арқылы аноним қолданушыдан 6 млн теңгеге әскери комиссариатты өртеу туралы ұсыныс алған». Агенттіктің мәліметінше, Омбыдағы «әскери комиссариатты өртегеннен кейін» Аңсаған Молдахметов Челябинск облысында «Қазақстан аумағына өту кезінде» ұсталған. Оның танысы Сейіл Мұратұлына «мемлекетаралық іздеу жарияланған».

Азаттық Аңсаған Молдахметовтің туыстарын таба алмады. Қазақстан СІМ түсініктеме берген жоқ.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейдегі ондаған әскери комиссариат пен мемлекеттік мекемелерде өрт болған. Осыған дейін Ресейде «бұзақылық» немесе «мүлікті бүлдіру» баптары бойынша көп адамға үкім оқылған.

Бастапқыда «бұзақылық» бойынша қаралған істер былтыр күзден бері «теракт» сияқты ауыр баптармен тергеле бастады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »