Новости на Newstaraz.

Он айда 331 мыңнан астам тәжік мигранты Ресейге жұмысқа аттанды

newstaraz.kz

Ресми биліктің мәлімдеуінше, Тәжікстан еңбек мигранттарының 95 пайызы Ресейге жұмыс істеуге барады.

Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігі 11 желтоқсанда Тәжікстан еңбек министрінің орынбасары Шахноза Нодиридің мигранттар туралы айтқандарын жариялады: «Тәжік еңбек мигранттарының дені Иркутск, Чита, Новосибирск, Ростов-на-Дону, Санкт-Петербург, сонымен бірге Мәскеу және Ленинград облыстарына барады».

Тәжік көші-қон қызметінің мәліметінше, биыл он айда 331 мыңнан астам тәжік мигранты Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Ресей билігінің хабарлауынша, Тәжікстанның 1 млн 597 мың 481 азаматы миграция есебінде тұр.

Ресей мен Тәжікстан мәліметтерінің сай келмеуін Шахноза Нодири былай түсіндірді: «Мигранттардың көбінің Ресей азаматтығы бар, олар сол елге ұшқанда Ресей азаматы ретінде тіркеледі». Оның айтуынша, Тәжікстанның ресейлік паспорты бар азаматтары Ресейде мигрант ретінде тіркеледі.

Тәжікстан мен Ресей қос азаматтық туралы келесімге отырған. Бір адам Тәжікстанның да, Ресейдің де азаматы бола алады.

Тәжік мигранттарының қалған бөлігі негізінен Қазақстанға, Украинаға, әрі қарай Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері секілді шетелдерге барады.

Еңбек миграциясы Тәжікстан экономикасының басты тіректерінің бірі. Мигранттар жылда елде қалған туыстарына миллиардтаған доллар жолдайды.

Ресми мәлімет бойынша, 2019 жылы мигранттар Тәжікстанға 2,7 млрд доллар аударған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »