Новости на Newstaraz.

Пашинян Қарабақты Әзербайжан жері деп тануға дайын екенін мәлімдеді

newstaraz.kz

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван Таулы Қарабақты Әзербайжан жері деп тануға дайын екенін мәлімдеді.

Алайда Баку осы аймақта тұратын этникалық армяндардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы Пашинян баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, Армения Әзербайжанның, Таулы Қарабақты қоса есептегенде, 86600 шаршы шақырым аумағын мойындайды, бірақ ресми Баку ол үшін Армения аумағы 29800 шаршы шақырым екенін мойындауы тиіс. Пашинянның мәлімдеуінше, армян халқының қауіпсіздігі Баку мен Степанакерт (әзербайжанша Ханкенди) арасындағы келіссөздер аясында талқылануы керек. Армян премьер-министрі Әзербайжанның бұл жерлерде армяндарды қудалау саясатын жүргізбейтініне халықаралық кепілдік алғысы келеді.

Таулы Қарабақ халықаралық құқық бойынша Әзербайжан аумағына жатады. Бұл аймақта негізінен этникалық армяндар тұрады. 1990 жылдардың басынан бері Баку өңірдің көп бөлігіне бақылау орната алмай қалды. Армян қауымының өкілдері республика тәуелсіздігін жариялады, бірақ оны әлемнің ешбір мемлекеті, Армения да дербес ел деп таныған жоқ.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »