Новости на Newstaraz.

Полицейлер балалар үшін циркке экскурсия ұйымдастырды (фото,видео)

newstaraz.kz
Полицейлер балалар үшін циркке экскурсия ұйымдастырды
Шымкент қаласы Полиция

«Адамдар, бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала-ізгі қала. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық. Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді» — деп айтқан Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов үшінші мегаполиске «ШЫМКЕНТ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» деп балама атау ұсынған болатын. Аталған бастаманы Шымкент қаласы Полиция департаменті мен «Шымкент-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен қолдай отырып, Сайрамдағы №4 балалар үйі, Сайрамдағы көмекші мектеп-интернаты, құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернатының, сондай-ақ қаладағы көп балалы отбасылардың, әл-ауқаты нашар және мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық цирк өнерін ұйымдастырды.

Шымкент қаласы Полиция департаментімен арнайы дайындалған автобустармен және олардың жолда қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Патрульдік полиция полкінің экипаждарымен келген кішкентай қонақтарға полиция қызметкерлері тәтті сыйлықтарды және арнайы анимациялық фильмдердің дискілерін тарту етіп, балаларға жаңа шоу-бағдарламасындағы қызықты және ұмытылмас қойылым көруге шақырды.

Шоу-бағдарламада гимнастар мен акробаттар, жылқылар, иттер және арыстандар өнерін көрсетіп бүкіл залдағы отырған көрермендерді толқытуға мәжбүр етті. Көңілді сайқымазақтар әрбір іс-қимылдарымен көрермендердің көңілдерін көтеріп отырды.

Балалардың аталған іс-шарадан көңілдері көтеріліп, жаңа жағымды әсерлерін алды. Балалар Шымкент қаласы Полиция департаментінің және «Шымкент-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметкерлерімен жақсы көңіл-күйде қоштасып, алғыстарын жеткізді.

Полицейлер балалар үшін циркке экскурсия ұйымдастырды
Шымкент қаласы Полиция
Полицейлер балалар үшін циркке экскурсия ұйымдастырды
Шымкент қаласы Полиция
Полицейлер балалар үшін циркке экскурсия ұйымдастырды
Шымкент қаласы Полиция
Полицейлер балалар үшін циркке экскурсия ұйымдастырды
Шымкент қаласы Полиция
Полицейлер балалар үшін циркке экскурсия ұйымдастырды
Шымкент қаласы Полиция
Полицейлер балалар үшін циркке экскурсия ұйымдастырды
Шымкент қаласы Полиция

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »