Новости на Newstaraz.

Путин: мигранттардың балалары жергілікті мектептердің білім деңгейіне кері әсерін тигізіп жатыр (видео)

newstaraz.kz

Ресей президенті еліндегі орта мектептерде мигранттардың балаларының көбеюуіне алаңдаушылық білдіріп, олардың санын шектеуге тапсырма берді.

Ұлтаралық қатынас кеңесінде сөйлеген Владимир Путин мигранттардың балалары жергілікті мектептердің білім деңгейіне кері әсерін тигізуде, бұл ұлтараздықты туғызуға себеп болып жатыр деген.

«Мектептерде мигранттардың балаларының саны орыс тілі ортаға терең сіңіп кете алатындай дәрежеде болуы керек. Тек ғана тіл емес, орыс мәдениетінің құндылығына терең бой алатындай болуы керек», — деп атап өткен Ресей президенті.

Путин «АҚШ және Еуропаның бірқатар елдерін» мысалға алды. Оның сөзінше, кейбір батыс елдерінде мектептерде мигранттардың балалары көп болатыны соншалықты, жергілікті тұрғындар баларын білім ордаларынан алып кетіп жатады.

Владимир Путин Ресей мектептерінде мигранттардың балаларының көбеюін «үлкен проблема» деп атап, олардың санының көп болмауын қадағалауды тапсырды.

Президенттің мәлімдемесінен кейін Ресейдің ағарту министрі мигранттардың балаларына жеке білім беру жүйесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әрбір класстарда мигранттардың балаларының саны 10–20 проценттен аспауы тиіс.

«Азаматтарға көмек» комитеті Ресей президентінің сөздеріне баға беріп, жаңа ереже шетел азаматтарының елде білім алу мүмкіндігіне кедергі келтіруі мүмкін деп атады.

«Енді мектеп басшылығы оқушылардың білім деңгейін тексеретін болады. Енді жаңа ереже көптеген балалардың білім алуына крест қойылуы мүмкін. Бұл мұң әкелетін жаңалық», — деп мәлімдеді комитет.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »