Новости на Newstaraz.

Ресей Өзбекстан арқылы экономикалық санкциялардан айналып өтпекші

newstaraz.kz

Ўзбекистон Бош вазир ўринбосари — инвестициялар ва ташқи савдо вазири Сардор Умурзоқов (чапда) ва Россия саноат ва савдо вазири Денис Мантуров, Тошкент, 25 — 27 апрель, 2022

Батыс санкцияларына тап болған ресейлік компаниялар Өзбекстанды негізгі база ретінде пайдаланып жатыр.

«Шетел өнімдері. Орталық Азия» деп аталатын көрмеде орыс-өзбек әріптестігіне байланысты ондаған келісім-шартқа қол қойылды.

Шараға қатысқан ресейлік компаниялар Өзбекстанға бидай, май, фармацевтикалық тауарлар және Батысқа енді сата алмайтын басқа да тауарларды экспорттауға ниет білдіріп отыр.

Бөлшектерін Еуропадан алатын КАМАЗ және Lada секілді көлік шығаратын компаниялар Өзбекстаннан зауыттарын ашпақшы.

Санкцияға ілінген ресейлік компаниялармен әріптестік жасаған елдер де санкцияға іліне ме, ол жағы әзірге белгісіз. Бұл тек талқылау үстінде.

Өзбекстан ақпарат құралдарының жазуынша, Ташкентте өткен үш күндік көрмеге 200-ге жуық шетел компаниясы қатысқан. Олардың арасында Франция, Италия, Нидерланд, Үндістан және ТМД елдерінің кәсіпорындары бар.

Ресми мәлімет бойынша, келісім нәтижесінде таяуда Өзбекстаннан ресейлік компаниялардың қатысуымен екі ірі зауыт ашылмақшы. Екеуі де фармацевтикалық салаға байланысты: инсулин және химиялық дәрілер шығарады.

Негізінен Өзбекстанның фармацевтикалық өндірісі осыған дейін де Ресей нарығына шыққысы келген. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары кедергі болған.

Бірер күн бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ресейдің сауда және өндіріс министрі Денис Мантуров пен Беларусь премьер-министрі Роман Головченконы қабылдаған. Кездесу мұнай, көлік және авиация салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты болған.

Нәтижесінде Ресей — Түркия — Батыс немесе Ресей — Орталық Азия — Батыс схемасы бойынша батыс санкцияларынан айналып өту жолы қарастырылған.

Бұл көрмені өткізуге демеушілік жасаған Ресейдің Газпромбанк, Россельхозбанк, Росатом, USM секілді ірі компаниялары болғанын атап өту керек.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »