Новости на Newstaraz.

Ресей АҚШ-қа қарымта санкция салып, 10 дипломатын елден шығарып жібермек

newstaraz.kz

Ресей АҚШ дипломатиялық миссиясының 10 қызметкерін елден шығарып, Американың 15 сәуірде салған санкциясын дәл солай қарымта қайтарады. Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер комитетінің төрағасы Алексей Чепа «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында осылай деді.

«Біз де олар сияқты он қызметкерді шығарамыз, оның үстіне біздің ішкі ісімізге шынымен араласқан компанияларға тағатын кінәміз жеткілікті. Оларға қатысты да лайықты шаралар қолданылады» деді ол.

Оның айтуынша, бұл «халықаралық ахуалды жақсартпайды», бірақ Ресей сонда да мұндай қадамға баруға мәжбүр. «Әрине, Америкадағы русофобия лоббиі машинасын тоқтатпақ емес» деді Чепа.

«АҚШ-тағы 2020 жылғы президент сайлауына ықпал етуге тырысқаны үшін және жалған ақпарат тарату әрекеті үшін» Вашингтон Ресейдегі 32 заңды және жеке тұлғаға жаңа санкция салғанын 15 сәуірде жариялаған. АҚШ президенті Джо Байденнің жарлығымен Ресейдің Вашингтондағы елшілігінде жұмыс істейтін он қызметкерді шығарып жіберу көзделген.

Мұның алдында Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ елшісі Джон Салливанға Америка жаңа санкция салуды тоқтатуы керектігін, болмаса Ресей «батыл қадамға баруға» мәжбүр болатынын айтқан.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »