Новости на Newstaraz.

Ресей бас прокуроры: ТМД азаматтары Украина жағында соғысып жүр

newstaraz.kz

Ресей бас прокуроры Игорь Краснов Душанбеге барған сапарында постсоветтік елдердің азаматтары Украинада орыс армиясына қарсы соғысып жүр деп мәлімдеді.

Ресейдің мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Краснов тәжікстандық әріптесі Юсуф Рахмонмен кездескенде былай деген: «Қазір Украинадағы жағдайға байланысты қауіп-қатер тек өршіп жатыр. Бүгін біздің елдер жаңа қауіп-қатердің алдында тұр. Себебі, ТМД елдерінің азаматтары Украинада орыс армиясына қарсы соғысып жүр».

Краснов бұл қауіптің алдын алуы үшін құқық қорғау органдары өзара әрекет етуі қажет деген.

Бұл мәлімдемеге тәжік тарапы не деп жауап бергені белгісіз, себебі тәжік ақпарат құралдарында бұл кездесу жайлы жазылмаған.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, 26 шілдеде Душанбеде Игорь Краснов пен Юсуф Рахмон екі мекеме арасындағы 2024 жылға дейін терроризм және экстремизмге қарсы, қылмыстық әрекеттерге қарсы бірлесіп күресу жөнінде келісімге қол қойған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »