Новости на Newstaraz.

Ресей Херсонды тастап шықты

newstaraz.kz

Ресей әскерінің Украинаның Херсон облысындағы командирі генерал Сергей Суровикин Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға әскерилерді Херсон қаласынан Днепрдің оң жағалауына алып кетуге рұқсат сұрады. Бұл Ресей әскері Украинаның Херсон қаласында берілді деген сөз.

Шойгу бұл ұсыныспен келісіп, әскерді Днепр өзеніне қарай әкетуді бұйырды.

Суровикиннің есебін «Россия 24» телеарнасы көрсетті. Ол мәлімдемесінде қазіргі жағдайда Херсон мен оған жақын елдімекендерді толыққанды қамтамасыз ету мүмкін емесін мойындады.

«Жағдайды бағамдай келе Днепр өзенінің он жағалауында қорғанысқа мән беруді ұсынамын» деді Суровикин. Ол мұны «ауыр шешім», бірақ «адамдардың өмірін сақтау маңызды» деп бағалады.

Ал Шойгу «ресейлік әскерилерінің өмірі мен денсаулығы біз үшін қашанда қымбат. Бейбіт тұрғындардың өміріне төнген қауіпті де назарға алуымыз керек. Әскерді шығаруға кірісіп, әскери техникаларды, қарулы күштер мен әскерилерді Днепр өзенінен өткізу үшін барлық шараны қабылдаңыздар» деді.

Бұған дейін Херсоннан ресейлік мемлекеттік мекемелер, ресейлік және совет заманының қайраткерлерінің ескерткіштері эвакуацияланған. Ал әкімшілік ғимараттардан Ресей туы түсірілген еді. Дегенмен соңғы уақытқа дейін Херсон қорғанысқа дайындалып жатыр деп айтылып келген.

Ал Херсон облысы кеңесінің депутаты Сергей Хлань «Ресей әскері Херсон облысындағы майдан шебінде сәтсіздікке ұшырап, жаппай кетіп жатқанын» айтқан.

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кірген бетте Херсон қаласына шабуылдап, нурыздың басында қаланы басып алған. Херсон Ресей Украинада бақылау орнатқан жалғыз облыс орталығы болған еді.

Ал Украина батыс елдерінен артиллериялық қарулан алған соң Херсон облысына қарымта шабуыл бастаған.

Қыркүйектің соңында Ресей псевдореферендум арқылы Херсон облысының бір бөлігін аннексиялап алған еді. Бұл референдумды Украина, Батыс елдері және БҰҰ мойындамаған. Қазанның ортасында Украина әскері қарымта шабуылға шығады деген ақпарат тараған тұста Ресей Херсон облысынан бейбіт тұрғындарды «эвакуциялау шарасын» жариялаған.

Ресей әскері Херсон қаласынан шыққан соң бұл облыстың бір бөлігі Украинаның бақылауында болады.

Ресей әскері Украинадағы соғыста осымен үшінші рет артқа шегінді. Наурыздың соңында Ресей Киев, Чернигов, Сум облыстарынан әскерін әкеткен. Қыркүйекте ресейліктер Харьков облысындағы бірнеше елдімекеннен кеткен. Одан соң Донецк облысындағы Лиман қаласын берген. Сол кезде Кремль бұл әрекетін «әскерін басқа аймақтарға орналастыру» деп түсіндірген еді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »