Новости на Newstaraz.

Ресей мен Беларусь Украинамен шекара маңында әскери жаттығуды бастады

newstaraz.kz

Российская военная техника на учениях «Союзная решимость — 2022»

Беларусьта бүгін Ресеймен бірлескен «Одақтық шешім — 2022» әскери жаттығуы басталды.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, он күнге созылатын қарулы күштердің жаттығуы Батыс елдері мен Украинаның Беларусь пен Ресейге қарсы болжамды агрессиясына және терроризмге қарсы тұруға, одақтық мемлекеттердің мүддесін қорғауға бағытталған.

Әскери жаттығу өткізу жөнінде былтыр желтоқсан айында екі елдің басшылары Владимир Путин мен Александр Лукашенко келіскен.

Жаттығуға қанша сарбаз және әскери техника жұмылдырылғаны айтылмаған. Тек белгілісі, Ресей Беларуське С-400 зениттік-зымыран кешенін, «Панцирь-С» зениттік-зымыран зеңбірегін, Су-35С көп мақсатты жойғышын, Су-25СМ шабуылдаушы техникаларын жібергені белгілі.

Әскери жаттығуды сылтау етіп, ресейлік әскери техникалардың Украинамен шекара маңына жайғастырылуына Батыс елдері мен Украина алаңдаушылық білдіреді.

Батыс Ресей Украинаға шабуылдау үшін әскерін көбейтіп жатыр деп алаңдайды. Соңғы мәлімет бойынша, Украинамен шекара маңында 120 мың ресейлік сарбаз бар.

Financial Times басылымының жазуынша, 7 ақпанда өткен Ресей мен Франция президенттері Владимир Путин мен Эммануэль Макронның кездесуінен кейін француз лидері Мәскеу жаттығу өткізгеннен кейін Беларусь аймағынан әскерін шығарады деп мәлімдеген. Осыдан кейін ешқандай «жаңа әскери бастама» қолданылмайды деген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »