Новости на Newstaraz.

Ресей Сириядағы «террористік базаға» соққы жасағанын хабарлады

newstaraz.kz

Ресейдің қорғаныс министрлігі Сирияның Пальмира қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан «террористік базаға» әуе соққысын жасағанын мәлімдеді.

Arabnews агенттігінің хабарлауынша, ресейлік Әскери-ғарыш күштері террористер орналасқан деген әр дереккөзден алынған ақпараттан кейін әуе соққысын беріп, 200-ге тарта содырды өлтірген.

Соғысушы тараптарды бітімге шақыру және Сириядағы босқындарды бақылайтын орталықтың мәліметі бойынша, содырлар Пальмираның солтүстік-шығыс бөлігінде база құрған. Олар әлемнің әр елдеріне теракт жасау үшін адамдарын жіберіп отырады.

Сирияда Азаматтық соғыс 2011 жылдың көктемінде басталды. Кейін бұл жанжалға халықаралық ұйымдар мен түрлі әскери-саяси топтар араласа бастады.

Негізі соғысушы тараптар Сирия президенті Башар Асад үкіметі (Сирия қарулы күші, Ұлттық қорғаныс күші) және Сирия оппозициясы (Сирияның еркін армиясы, араб сүнниттері), аймақтық күрдтер (Халықтық өзін өзі қорғау отряды, Сирия демократиялық күштері), сонымен бірге әртүрлі радикалды ұйымдар мен террористік топтар.

Сирия үкіметіне Ресей мен Иран қолдау көрсетсе, оппозицияға Батыс елдері, Түркия және Парсы шығанағы елдері көмектесіп отыр.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »