Новости на Newstaraz.

Ресей түрмесінде отырып шыққан өзбек азаматы азаптаулар жайында айтты

newstaraz.kz

Омск қаласындағы №7 абақтыда отырып шыққан Зафар Ильмурадов түрмедегі азаптау фактілерін қол сағатындағы камераға түсіріп алып, видеоны әйелі арқылы Бас прокуратураға және Жазаларды атқару қызметіне жөнелткенін, бірақ бұл оқиғадан кейін өзі азаптауға тап болғанын айтады.

Ильмурадовтың айтуынша, ол Өзбекстанның қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері. 2014 жылы Ресейде қамауға алынып, Омскідегі абақтыға ауыстырылған.

«Ол жақта бізді әбден кемсітті. Жалаңаш шешіндіріп, сабап, қолымызды скотчпен байлап, басымызды желімдеді. Арызданғандарды одан сайын қинады»,- деді Ильмурадов.

Оның сөзінше, Омск абақтысына ауыстырылғаннан кейін бір ай өткен соң, әйелі оған камера орнатылған қол сағат әкеліп берген. Оған тартылған видеолорды 2015 жылы әйелі арқылы Бас прокуратураға жөнелткен. Бірақ аталған абақтыда ешқандай тексерулер жүрмеді.

Бұл ақпарат түрме жетекшілеріне жеткеннен кейін Ильмурадов 15 тәулікке айыптау абақтысына қамалған. Ол жақта оған түрме қызметкерлері мен прокурорлар келіп, токпен қинаған.

Біраз уақыт өткеннен кейін бұл видео бойынша абақтының бір ғана қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғалған. Жазаларды атқару қызметі бұл факті бойынша 2016 жылы «Қызмет бабын асыру пайдалану» бабымен қылмыстық іс қозғап, абақты қызметкерін соттағанын хабарлаған. Бірақ оған қанша жыл бергені айтылмады.

Зафар Ильмурадов түрмеден шыққаннан кейін оны ФСБ қызметкерлері қайта ұстап, «есірткі салып ұстаймыз» деп қорқытқан соң, абақтыда түсірген видеолардың бір бөлігін оларға бергенін жеткізді.

Осыған дейін Омск қаласындағы №7 абақтыдағы азаптаулар жайында сол түрмеде отырып шыққан Михаил Мазин және Наиль Якупов атты азаматтар да білдірген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »