Новости на Newstaraz.

Ресейде құқық қорғаушы Бахром Хамроевты 14 жылға соттады

newstaraz.kz

Ресейде Екінші батыс аймақтық әскери соты «Мемориал» құқық қорғау орталығының бұрынғы қызметкері Бахром Хамроевты 14 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «Мемориал» орталығы телеграм-арнасында хабарлады.

Хамроев алғашқы үш жылды түрмеде, қалған жылдарды тәртібі қатаң колонияда өткізеді. Оған төрт жыл бойы интернет-ресурс жүргізуге тыйым салынды.

Бахром Хамроевты 2022 жылғы 24 ақпанда ұстады, содан бері ол «Лефортово» тергеу изоляторында отыр. Адам құқықтарын қорғаушыға қарсы терроризмді ақтау, террористік ұйым қызметін ұйымдастыру айыптары негізінде екі қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық қудалауға Хамроевтың фейсбукке жариялаған алты жазбасы негіз болған. Федералдық қауіпсіздік қызметі осы жазбаларда автор «Хизб ут-Тахрир» ұйымының қызметін қолдады деп есептейді. Бұған қоса, тергеушілер оның саяси қудалаулар туралы баяндамаларын, сотқа арыздары мен өтініштерін террористік ұйым қызметін ұйымдастырдыға жатқызған.

«Біз Бахром Хамроевтың «Ёрдам» («Жәрдем») мигранттарды қолдау қоры аясындағы құқық қорғау қызметі үшін қудалауға ұшырағанына сенімдіміз. Федералдық қауіпсіздік қызметі оны қудалауды «Мемориалға» қысым көрсету құралы ретінде пайдаланып отыр. Бахромовқа қарсы қылмыстық іс аясында 2022 жылғы наурызда «Мемориал» кеңселерінде тінту жүргізілді», деп мәлімдеді «Мемориал» адам құқықтарын қорғау орталығы.

«Мемориал» Бахром Хамроевты саяси тұтқын деп таныды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »