Ресейде ұсталған «Тәжік орталығының» еріктісі еліне депортациялануы мүмкін
Қазір түрмеде отырған құқық қорғаушы Иззат Амонның Ресейдегі әріптесі Тәжікстанның сұрауы бойынша Ресейде ұсталған.
Эмомали Холовтың туыстары оны жақын арада Душанбеге депортациялауы мүмкін деп қорқып жатыр.
Тәжік билігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. Бірақ Ресейге берген сұрауында, оған 2021 жылдың наурыз айында іздеу жарияланғаны айтылған. Туыстарының айтуынша, Холов экстремизм бойынша күдікке ілінген.
30 жастағы Эмомали Холов 11 баланың әкесі, бірнеше жылдан бері Ресейде тұрып, жұмыс істейді. Ол «Тәжік орталығында» ерікті болып жұмыс істеп, құқық қорғаушы Иззат Амонға көмектесіп жүрген.
Эмомали Холовтың әйелі Дилором Боймухаммедованың айтуынша, күйеуі 26 мамырда ұсталған. Содан бері қамауда отыр. Сот әлі шешім шығармаған.
Мәскеудегі тәжік орталығының жетекшісі Иззат Амон былтыр наурыз айында Ресейден Тәжікстанға депортацияланып, ол Душанбеде алаяқтық бабымен 15 жылға сотталған. Құқық қорғаушы әлеуметтік желілерде тәжік билігін сынап келген.
newstaraz.kz