Новости на Newstaraz.

Ресейде Украинадағы соғысқа баратын 40 еріктілер батальоны жасақталды

newstaraz.kz

Ресейде Украинадағы соғысқа аттанатын қырықтан астам еріктілер батальоны жасақталды. Бұл туралы «Коммерсантъ» жазды.

Басылым мәліметінше, Ресей аймақтарында осындай әскери бөлімдер жасақтау жұмысы биыл көктемде басталған. Еріктілер батальондары туралы мәлімет БАҚ арқылы таралып, билік органдарының әлеуметтік желілердегі парақтарында жарияланып жүр. Батальон атаулары олардың қайда жасақталғанынан хабардар етеді. Оған әдетте сол өңірдің тұрғындары кіреді.

Мәселен, Санкт-Петербургте «Кронштадт», «Нева» және «Павловск», Якутияда — «Боотур», Приморьеде — «Тигр», Қазанда — «Алга» және «Тимер», Чувашияда — «Атал», Пермь өңірінде — «Парма» және «Молот», Амур облысында — «Амурский», Ленинград обласында — «Невский» және «Ладожский» еріктілер отрядтары пайда болды.

Мұндай әскери бөлімдер Украинадағы соғыс басталмай тұрып Шешенстанда жасақтала бастаған. Олар Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты. Арасында Шешенстанның бұрынғы президенті Ахмат Қадыров құрметіне орай аталған «Ахмат» арнайы жасақтары да бар. 26 маусымда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинадағы соғысқа қатысатын тағы төрт батальон құрылғанын мәлімдеді. Олар: «Север-Ахмат», «Юг-Ахмат», «Запад-Ахмат» және «Восток-Ахмат».

Жақында «Атал» чуваш батальонының қырықтан астап еріктісі келісім-шартта көрсетілген бір реттік ақы мен тәулік ақысы әлі төленбегенін айтып, республика басшысына шағымданды.

Сарапшылардың пікірінше, еріктілер жасақтарын құру — «жасырын мобилизацияның» бір түріне айналды. Оны әскери комиссариаттар ғана емес, «ЧВК Вагнер» секілді жекеменшік әскери компаниялар да жасақтап жүр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »