Новости на Newstaraz.

Ресейдегі жол апатында Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары қайтыс болды

newstaraz.kz

27 маусымға қараған түні Ресейдің Самара облысында болған жол апатынан Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары қайтыс болды.

Жергілікті «РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, түнгі сағат бір шамасында А-300 автожолының 109-шақырымында Honda Stepwgn минивэні мен Hyundai Elantra соғысып қалған. Жол апатынан алты адам қайтыс болып, сегіз адам ауруханаға түскен.

Прокуратура жол апатын тексеріп жатыр. Полиция мәліметінше, Hyundai автокөлігін Қырғызстан азаматы басқарған, ал Honda минивэні шетелде тіркелген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жол апаты Hyundai автокөлігінің жолдың қарсы бетіне шығып кетуінен болған.

Hyundai автокөлігін жүргізуші мен соның ішінде болған төрт жолаушы, минивэндегі бір жолаушы қайтыс болғаны мәлім. Жол апатынан жараланғандарға медициналық көмек көрсетілген.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қайтыс болған алты адамның екеуі — қырғыз азаматы, төртеуі — өзбек азаматы. Жараланғандардың қай елдің азаматы екені айтылмады.

Еске салайық, 2022 жылы Ресейдің Ульянов облысында ірі жол апаты болып, Қырғызстанның 14 азаматы қайтыс болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »