Новости на Newstaraz.

Ресейдің қаруды шектеу келісімін тоқтатуы АҚШ-тың Украинаны қолдауына әсер етпейді

newstaraz.kz

Құрама Штаттар Ресейге стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту жөніндегі келісім шарттарын орындату үшін Украинаға қолдау көрсетуін тоқтатпайды. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшыыс Гед Прайс сәрсенбі күні осылай деп мәлімдеді.

Бұның алдында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың Украинаға қатысты әрекеті өзгергенде ғана Ресей стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту жөніндегі келісімді уақытша тоқтату райынан қайтады деп мәлімдеген. Рябков мәлімдемесін «Интерфакс» таратқан.

«Ресейдің стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту жөніндегі келісімді уақытша тоқтатуы Құрама Штаттардың Украинаға қолдауына әсер етпейді», — деп мәлімдеді Нед Прайс. Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысының айтуынша, АҚШ пен Ресей келісім болашағына қатысты пікір алмасқан, бірақ онда Ресейдің ресми өкілдерінің мәлімделерінен ерекшеленетін тың мәлімет жоқ.

2022 жылғы желтоқсанда Құрама Штаттар Ресейді құрлықаралық баллистикалық зымырандарға инспекция жүргізу шарттарын талқылауға шақырған. Инспекцияның мұндай түрі коронавирус індеті басталған уақытта тоқтап қалған. Ресей Вашингтон ұсынысынан бас тартты, ал ақпан айының аяғында Владимир Путин келісім уақытша тоқтағанын жариялады. Ресей балластикалық құрлықаралық қаруларға инспекция жүргізуді алып тастағанда ғана келісімнің өзге де шарттарын орындауға әзір. Дума мақұлдаған шешімді батыс елдері сынады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »