Новости на Newstaraz.

Ресейдің Красногорск қаласында 50 тәжік мигранты ұсталды

newstaraz.kz

Ресейдің түрлі аймақтарында тәжік мигранттарын ұстау, оларға қысым көрсету толастамай тұр. Әлеуметтік желі қолданушылар Азаттықтың Тәжік қызметіне еңбек мигранттарын қалай ұстағаны, оларға күш көрсетілгені туралы видеолар жолдады.

Мигранттардың хабарлауынша, тағы бір оқиға 1 маусымда таңертең Красногорск қаласындағы құрыылс алаңдарының бірінде болды. Мұнда 50 шақты тәжік азаматы ұсталды.

Тағы бір видеодан Ресей полициясының қызметкерлері жерде жатқан мигранттарды ұрып жатқанын көруге болады.

Видео жолдағандар Тәжікстаннан келген еңбек мигранттары екенін, бұл оқиғалар кейінгі күндері Мәскеу мен соған жақын елдімекендерде болып жатқанын хабарлады.

Еңбек мигранттарының айтуынша, күш құрылымдарының акциясы барысында бірнеше мигрант жараланған.

Кейінгі уақытта Ресейдің түрлі аймаұтарында тәжік азаматтарын ұстау жиілеп кетті.

Атап айтқанда, 19 мамырда Хабаровск өлкесінде Амурдағы Комсомольск қаласындағы мемлекеттік университетте оқитын жүзден астам тәжік студентін арнайы жасақ соққыға шықты. Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі 10 тәжік студенті зардап шеккенін хабарлады, студенттер одан әлдеқайда көп деп отыр.

Өткен аптада Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семен Григорьевті Тәжікстан сыртқы істер министрлігі шақыртып алып, Душанбе Ресейде тәжік азаматтарына жасалып жатқан қысымға қатты алаңдайтынын ескертті. Ресей билігі еңбек мигранттарына не себепті қысым көрсетіліп жатқанын түсіндірмей отыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »